Кәсіпорын қоршаған ортаны қалпына келтіруге ықпал ететін эмиссияларға рұқсат құрамында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді. Сонымен кәсіпорынның 2023 жылға арналған іс шаралары 7 бөлімнен тұрады:
— «Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану» бөлімі бойынша сумен жабдықтау және су бұру желілерін ауыстыру және реконструкциялау жұмыстары, сумен жабдықтау және су бұру желілеріндегі санитарлық-техникалық кешенді іс-шаралар орындалды. Тазарту құрылыстарынан ағызуда және жинақтаушы-буландырғышқа ағызуда су сынамаларын ала отырып, су ресурстарына мониторинг жүргізілді
Игерілген сома 24 893 558 теңге.
— «Жағалау және су экожүйелеріне әсер етуден қорғау» бөлімі бойынша жинақтаушы-буландырғыш бөгетінде жағалауды нығайту жұмыстары орындалды
Игерілген сома 290 000 теңге.
– «Жер ресурстарын қорғау» бөлімі бойынша су құбыры желілеріндегі апаттарды жойғаннан кейін топырақтың құнарлы қабатын қалпына келтіру жұмыстары орындалды. Топырақ мониторингі жүргізілді (ағынды сулар жинақтағышының санитарлық-қорғау аймағы бойынша топырақ сынамаларын алу)
Игерілген сома 5 148 652 теңге.
– «Флора мен фаунаны қорғау» бөлімі бойынша кәсіпорын аумағын көгалдандыру (гүл отырғызу) орындалды
Игерілген сома 24 500 теңге.
– «Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс жасау» бөлімі бойынша қалдықтар кәдеге жарату үшін мамандандырылған ұйымдарға тапсырылды. Тұрмыстық қатты қалдықтар шарт бойынша мерзімінде шығарылды.
Игерілген сома 3 833 022 теңге.
– «Ғылыми-зерттеу, іздестіру және басқа да әзірлемелер» бөлімі бойынша қоршаған ортаның фондық жай-күйін анықтау үшін экологиялық зерттеулер жүргізу, кәсіпорын қызметінің экожүйеге ықтимал теріс әсерін анықтау, өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу (су, топырақ, атмосфералық ауа мониторингін жүргізу). Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептерді тапсыру.
Игерілген сома 250 000 теңге.
— «Экологиялық ағарту және насихаттау» бөлімі бойынша экологиялық заңнамадағы өзгерістермен танысу үшін газеттер мен журналдар жазылу жүргізілді.
Игерілген сома 10 000 теңге.