+ 7 (7142) 22 25 00, 22 88 47
Диспетчерлік бөлім
+ 7 (7142) 22 17 00
қабылдау бөлімі
749060 (физ.), 222284, 222527 (юр.)
АБОНЕНТТІК БӨЛІМ

Жасыл экономика

Жасыл экономика – болашақ экономикасы! 

      Жасыл экономика— зиянды заттарды лақтыруды азайту, қалдықтарды төмендету арқылы қоршаған ортаның сапасын жақсартуға бағытталған.  Мұндай қадам экологиялық жүйелерге түсетін жүкті барынша азайту үшін ресурстарды үнемдеп және аялап пайдалануды көздейтін жаңа технологияларды жасауды білдіреді.   

Жасыл экономика қазіргі күні таусылуға айналған ресурстарды үнемдеп пайдалануға   (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) және жел, су, теңіз көтерілулерінің энергиясы сияқты сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.  Жасыл экономиканың негізі – таза немесе «жасыл» технологиялар.  «Жасыл» экономиканы дамыту біздің елімізге көптеген постиндустриалдық елдерді өз масштабтарымен шарпып өткен экологиялық дағдарысты болдырмауға мүмкіндік береді.

    «Жасыл экономикаға» көшу бойынша негізгі басты міндеттер: 

1) ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру   (су, жер, биологиялық және т.б.) және оларды басқару;

2) қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту және жаңасын құру;

3) тұрғындардың саулығын және қоршаған ортаның сапасын қоршаған ортаға күш түсіруді төмендетудің ұтымды жолдарымен арттыру;

4) ұлттық қауіпсіздікті,  соның ішінде су қауіпсіздігін арттыру.

Су экожүйелердің тұтастығын және адамзатты өмірмен қамтамасыз ететін басты табиғи компонент болып табылады.      Осыған байланысты, су ресурстарын ұтымды пайдалану үлкен маңызы бар мәселеге айналып отыр

Суды қорғау бойынша ең маңызды мақсаттардың бірі  жаппай өлшегіш жүйелерді орнату болып табылады.  Өлшегіш жүйелер тұтынушыны суды пайдалану деңгейі туралы хабардар етіп қана қоймай, ағып кетулерді анықтау мен оларды жою үшін жақсы құрал болып табылады.     «Қостанай –Су» МКК Қостанай қаласы абоненттерінің жеке суық су өлшеу құралдарын орнатуын қадағалап отырады, осымен қатар суды есептеудің нақтылығы үшін есептегіштерді тексеруді іске асырады.

Табиғатты пайдаланушыны экологиялық тәуекелдермен байланысты шығындардан қорғауға экологиялық сақтандыру мүмкіндік береді.  2005 жылы қабылданған заңға сәйкес Қазақстанда сақтандырудың бұл түрі кейбір кәсіпорындар үшін міндетті болып табылады.   Кейбір мамандар оны экологиялық жауапкершілік құралы деп біледі.

ҚРЭК 107 бабына сәйкес «Қостанай-Су» МКК жыл сайын экологиялық сақтандыру шартын жасайды.

Біздің мемлекетіміз «жасыл» экономикаға көшу саласында белсенді саясатты жүргізіп жатқан кезде біз осы процестің бөлігі ретінде «таза» келешекті жасауға қадам жасауға тиіспіз.  Біздің көбіміз қосқан үлесіміздің маңызы жоқ деп ойласа да, табиғатты қорғауға қатысы жоқ.   Әрқайсымыз қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қоса аламыз.   Үлесіміз теңізге аққан тамшыдай болар деп ойлаудың қажеті жоқ.  Әр күні біз әлемді таза және жақсы ете аламыз.   Сондықтан, біз бүгіннен бастап «таза» келешекті жасау үшін ұсыныстар тізімін жасадық.

  1. Жабдықтарды сөндіріңіздер! Мысалы, бөлмеде ешкім болмаса,  жарықты өшіріңіз,  осы сияқты дәл сол уақытта пайдаланбайтын бұйымдарды электрге қосып кетпеңіз.
  2. Синтетикалық құралдарды/заттардан бас тартыңыз!  Бәріміз ыдысты жаңа тазалағыш заттармен түрлі химикаттарды пайдаланып жууға үйреніп қалдық.     Дәл осы заттар  қоршаған ортаға да, адамға да зиян келтіреді.
  3. Энергияны үнемдеңіз. Қазір күн батареяларын  үйлерде орнатуға, сонымен қатар энергия үнемдегіш лампаларды пайдалануға болады.
  4. Қоқысты сұрыптауды бастаңыз! «Жасыл» экономикаға көшудің маңызды бағыттарының бірі   қалдықтарды жою, сонымен қатар, оларды екінші рет пайдаланылатын өнім ретінде қолдану болып табылады.
  5. Электрондық тасығыштарды пайдаланыңыздар! Қағазды пайдалану шабылған ағаштың үлкен көлемін қажет етеді.
  6. Экологиялық таза өнімдерді сатып алыңыздар! Бұл біздің денсаулығымызды сақталуын, сол сияқты экологиялық таза ауыл шаруашылығының болу мүмкіндігін анағұрлым арттырады.
  7. Көбірек жаяу жүріңіз! Пайдаланылған газдар табиғатты ластаудың негізгі көздерінің бірі болып табылады.  Әрқайсымыз осы газдардың шамалы болса да төмендеуіне күш сала аламыз.
  8. Браконьерлікке жол берілмесін! Адамдардың заңсыз әрекеттерінің кесірінен сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың түрлері бүгінгі күні жойылып кетуде. Табиғаттың бірегейлігін сақтау – әрқасымыздың міндетіміз!
  9. Табиғатты қорғаңыздар! Қоқысты шашпау, ағаштардың жапырақтарын сындырмау немесе гүлдерді жұлмау сияқты қарапайым ережелерді сақтау табиғаттың жағдайына айтарлықтай ықпалын тигізеді.