+ 7 (7142) 22 25 00, 22 88 47
Диспетчерлік бөлім
+ 7 (7142) 22 17 00
қабылдау бөлімі
749060 (физ.), 222284, 222527 (юр.)
АБОНЕНТТІК БӨЛІМ

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН ҚАЙТА ЕСЕПТЕУ РЕГЛАМЕНТІ

Қостанай қ. әкімдігінің 2015 ж. 25.12 № 563 Қаулысымен бекітілген «Коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларының» 24 т. сәйкес Көрсетілген қызметтер үшін қайта есептеу жүргізіледі:

а) Абонент өтініш берген сәттен бастап жеке типтік шарты (мекен жай анықтамасы мен қайтыс болу туралы куәлігін көрсеткен жағдайда қайтыс болу себебінен шығару) және жеке куәлігі болған жағдайда жүргізіледі.

б) Тұратындар санының өзгеруі (кету, келу) бойынша қайта есептеу мекен жай анықтамалары мен бақылаушының растайтын акті (қызметтік жазбасы, тізімдемесі) болған жағдайда жүргізіледі.

в) Пәтерде тұратын тұлғалар уақытша болмаған жағдайда олардың болмаған уақыты үшін қайта есептеу растайтын құжаттарды ұсыну арқылы (іссапар куәлігі, миграциялық карточка, әуе, теміржол және автобус билеттері) өтініш бергенде жүргізіледі.

г) Оқу орындарының анықтамалары, науқастану туралы парақтар, санаториялық карталар, қайтыс болу бойынша қайта есептеу осы актілерде көрсетілген соңғы күнге сәйкес жасалады.

д) Саяжай кооперативтерімен берілген жазғы уақытта саяжайларда тұру туралы анықтамалар қайта есептеуге қабылданбайды, себебі олардың заңды күші жоқ (уақытша кету кезінде, соның ішінде саяжайға, пәтердегі су ілмекті арматураны нөмірлік бітемемен бекіту қажет).

е) Абаттандыру түрін өзгерту, қосу, суық судың қатуы (қысқы уақытта), суық/тех.сумен суару (суарылатын аумақтың өзгеруі, жазғы су құбыры), үзілулер, деңгейлер нормасының маусымдық өзгеруі, тексеру, су өлшегіштерін тексеру, үзілістер, ЫС (кәрізге лақтыру) бойынша қайта есептеу бақылаушының акті, «ҚЖЭК» МКК тізімдері, диспетчерлік қызметтің тізімдемелері, инженерлік-техникалық топтың қызметтік жазбасы болған жағдайда 1 ай ішінде жүргізіледі.

ж) Қарызды бөлу бойынша  қайта есептеу пәтердің жаңа иесінің өтініші бойынша жеке куәлігі, сатып алу-сату шарты және кәсіпорынның заң бөлімінің шешімі болған жағдайда жүргізіледі.

з) ҚР Су кодексінің 92 б. 1 т. мен жерүсті және жерасты су объектілерінен су алу Қағидалары сәйкес жеке тұлғалар СЭС су сапасы САН ЕжН талаптарына сәйкестігі туралы оң қорытындысы болған жағдайда ұңғымалардан су алуға құқылы.–қосымшаны қараңыз (ұңғыманы тексеріс жүргізуге тапсырысты СЭС 54-69-84, 54-31-68 телефондары арқылы беруге болады).

 

Барлық өтініштер 15-30 күн ішінде (өтініш пен қосымша құжаттарды берген сәттен бастап) орындалады.

Өтініштер «Қостанай-Су» МКК беріледі, мекен жайы: Абай д., 19, сондай-ақ, «Қостанай-Су» МКК төлем қабылдау пункттерінде: Қайырбеков к., 387/1, Бородин к., 168, «Рахат» дүкені, «Березка» С\О – Чкалов-Жастар к. бұрышы, Гвардейская 19, «Бахыт» дүкені.