Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығымен бекітілген «Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемін есептеу әдістемесі» 4-тарауы 20-1т. сәйкес «Ағындары қазбаға (септикке) немесе жергілікті тазарту құрылыстарына бұрылатын және одан әрі әкетілетін және елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызылатын тұтынушылардың сарқынды суларының көлемі сумен жабдықтау көзінің тиесілілігіне қарамастан тұтынылған судың (ауызсу, техникалық, ыстық) мөлшерін ескере отырып есептеледі…»
Осыған байланысты «Басқа» және «Бюджет» санаттарына жататын тұтынушыларды ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап ағындар септикке (қазылған шұңқырларға) бөлінетін объектілер бойынша тек сумен жабдықтау қызметтері үшін ғана емес, сондай-ақ су бұру қызметтері үшін, яғни су мен кәріз үшін де есептеу жүргізілетіні туралы хабардар етеміз.