+ 7 (7142) 22 25 00, 22 88 47
Диспетчерлік бөлім
+ 7 (7142) 22 17 00
қабылдау бөлімі
749060 (физ.), 222284, 222527 (юр.)
АБОНЕНТТІК БӨЛІМ

СУ САПАСЫ

</a«Қостанай-Су» МКК ауыз су сапасын өндірістік бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аттестатталған аналитикалық зертхана іске асырады.

Зертхана міндеттері жер бетіндегі және жерасты көздерден алынатын су сапасының көрсеткіштерінің өлшеуді, суды, ауыз суды және тарату желісін өңдеудің технологиялық процестерін жүргізуді ұйымдастырумен байланысты. Технологияны сақтауды бақылау өндірістің барлық деңгейлерінде жүзеге асырылады. Барлық өлшемдер НҚ талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Ауыз судың сапасы 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес.

«Қостанай қ. қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ ауыз су сапасын бақылауды іске асырады және «Қостанай-Су» МКК тазартқыш құрылыстарында сынамаларды алу жүргізілетін қаланың таратқыш желілерінде және су колонкаларында жоспарлы, жоспардан тыс тексерулер жүргізеді.