Тұтынушыларға арналған ақпарат!
ҚР Су кодексінің «Суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру» 92-8-баптың 1,2,4-тармақтарын және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы №621 бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларының 4-бөлімінің 22-т. Орындау мақсатында 2018 жылғы қарашадан бастап «Қостанай-Су» МКК деректерді қашықтықтан берудің жапсарлас құралдарымен суды есепке алу аспаптарын сататын ұйымдармен келісімдер жасасу, сондай-ақ кейіннен байқаудан өткізу және бөгде ұйымның бағдарламалық қамтамасыз етуін «Қостанай-Су» МКК деректер базасымен интеграциялау бойынша жұмыстарды жүргізуде. Бүгінгі күні «Қостанай-Су» МКК деректер базасына «Формат-21» ЖШС, «Вавиот Азия» ЖШС, «SmartSystemsAsia» ЖШС бағдарламалық өнімдерін интеграциялау жүргізілді.
Тұтынушыларға арналған ақпарат!
«Костанай-Су» МКК 2018 жылдан бастап біздің кәсіпорынның жұмысына суық суды есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қашықтан жинау бойынша автоматтандырылған жүйенің енгізілгені туралы хабардар етеді.
Бүгінгі күні «Қостанай-Су» МКК ақпараттық өлшеу жүйесі екі ұйым «Орион Система» ЖШС өндіруші зауыттың ресми өкілі «Формат-21» ЖШС және Қостанай облысы бойынша «Вавиот» фирмасының ресми өкілі «Февит» ЖК үйлесімді.
Қостанай қаласы бойынша суды өлшеу құралдарын тексеруді жүргізу туралы ақпарат
Су өлшегіштерді тексерудің алғашқы мерзімі шығарушы зауыттың паспорттық мәліметтерінде көрсетілген. Өлшеу құралдарын кезекті тексеру мамандандырылған зертханаларда жасалады. Біздің қаланың метрологиялық қызметтері өлшеу құралдарын екі тәсілмен тексереді:
Ө/қ желілерден алу арқылы және бітемелерді алу арқылы
т. 54 62 33, Баймағамбетов, 170-99 (D=15мм)
т. 57 05 76, Победа д., 126 (D=15-20мм)
т. 50 40 10, Ю.Журавлева к., 25 (D=15мм)
Ө/қ желілерден алмай
т. 57 05 76, Победа д., 126 (D=15мм)
т. 51 12 24, Бородин к., 196 (D=15мм)
т. 39 40 38, 87772640664, Спортивная, 8-22 (D=15-20мм)
т. 21 30 36, Дулатов, 94 (D=15мм)
т. 50 40 10, Ю.Журавлева к., 25 (D=15мм)
т. 22 89 84, Карбышев к., 30б (D=15-20мм)
Бітемені алу арқылы стендтік жабдықта тексеруді жүргізу алдындағы тұтынушының әрекеттері
Желілерден алу арқылы өлшеу құралдарын тексеруді жүргізу кезінде Сіз «Қостанай-Су» МКК 54-73-45, 53-21-95 телефондары арқылы бітемелерді ілме гайкалардан алу үшін жүгіне аласыз.
Бұл бітемелерді өз бетімен алуға тыйым салынады.
Бітемені алу арқылы стендтік жабдықта тексеруді жүргізгеннен кейінгі тұтынушының әрекеттері
Кезекті тексерудің нәтижелері бойынша әрі қарай пайдалануға жарамдылық (жарамсыздық) туралы сертификат беріледі. Жарамды болған жағдайда өлшеу құралын жұмысқа қабылдау үшін 54-73-45, 53-21-95 телефондары арқылы «Қостанай-Су» МКК өкілі (бақылаушы) шақыртылады, яғни ол номірлік бітемемен бекітеді де тұтынушы ұсынған пәтерде орналасқан өлшеу құралының тексеру құжатына енгізеді, қосу туралы акт жасайды, онда зауыттық нөмір, көрсеткіштері, тексеру күні мен тексерісаралық интервал көрсетіледі. Өлшеу құралы жарамсыз болған жағдайда тұтынушы су өлшегішті жаңаға ауыстырады да өлшеу құралын қайта тіркеуге (бітеме салуға) өлшеу құралдарымен жұмыс жасау қызметіне тапсырыс береді.
Бітемені алмай орында тексеруді жүргізгеннен кейінгі тұтынушының әрекеттері
7Кезекті тексерудің нәтижелері бойынша әрі қарай пайдалануға жарамдылық (жарамсыздық) туралы сертификат беріледі. Жарамды болған жағдайда тексеру туралы мәлімет (көшірмесі) «Қостанай-Су» МКК кез келген төлем қабылдау пунктіне немесе бас кеңсесіне жіберіледі, ал жарамсыз болған жағдайда тұтынушы 54-73-45, 53-21-95 телефондары арқылы «Қостанай-Су» МКК өкілін (бақылаушыны) өлшегіштен бітемені алу үшін шақыртады және су өлшегішті жаңаға ауыстырады. Әрі қарай тұтынушының өлшеу құралын қайта тіркеуге (бітеме салуға) өлшеу құралдарымен жұмыс жасау қызметіне тапсырыс беруі қажет.