Еуропа қайта құру және даму банкімен (әрі қарай ЕҚДБ) ынтымақтасу бағдарламасы шеңберінде қарастырылған жобалар: «ГАЖ және су құбыры мен кәріздің гидравликалық моделді енгізу» және «Қашықтықтан бақылау жүйесін (SCADA) енгізу».
«ГАЖ және су құбыры мен кәріздің гидравликалық моделді енгізу» жобасы.
Іске асыру мерзімі: контрактті беру 2017 жылғы қазан, контракттің аяқталуы 2018 ж. мамыр.
Қазіргі кезде кәсіпорында барлық желілік және алаңдық объектілердің орналасуын көрсететін су құбыры мен кәріз желілерінің бірыңғай картасы және планшеттері жоқ. Ескірген планшеттер сексенінші жылдар мәліметтеріне негізделген.
Кәсіпорынның гидравликалық моделі жоқ және су құбырының таратқыш желілері мен кәріз желісінің жұмысын басқару көбінесе персоналдың тәжірибесі негізінде жүргізіледі.
Мұндай әдіс күнделікті өндірістік процестерді және сол сияқты талап етілетін шараларды жоспарлаудың ұзақ мерзімді және күнделікті процесін басқару тиімділігінің төмендеуіне әкеп соғады.
ГАЖ мен гидравликалық моделді енгізу кәсіпорынға негізгі қаражаттың нақты есебін қамтамасыз етуге, апаттық-қалыпқа келтіру жұмыстарының жеделдігін арттыруға, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді. Осы жобаны іске асыру басқа жобалар қатарын табысты іске асыру үшін қажет.
ГАЖ сумен жабдықтау және су бұру жүйелері объектілері бойынша, негізгі құралдардың есебін, негізгі алаңдық және желілік объектілер координаталарын, активтердің өзгеруін есепке алу және т.б. есепке алғанда бірыңғай базаны құрудың аспаптық құралы болып табылады.
Гидравликалық модель сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің қарқынды даму варианттарының нақты тәртібі мен үлгілеу тексеру үшін, су ағынының қысымы мен таратылуын бақылауды енгізу үшін, жеке тұтынушылар мен сумен жабдықтаудың бөлек аумақтарының суды тұтынуын есепке алу үшін, беткейлік ағынның құйылуын есептеу үшін, өндірістік-техникалық бөлімнің, реттеу қызметінің, апаттық-диспетчерлік қызметтердің және т.б. мәселелерін шешу үшін қолданылады.
Қаланың бірыңғай электрондық картасын құру жобасы шеңберінде қала әкімшілігі кәсіпорынға берген бағдарламалармен үйлесетін форматтар қолданылады деп күтілуде. Бүгінгі күні осындай құрал ретінде «Esry» өнімдерімен үйлесетін «Политерм» Ресей компаниясы өндірген ZULU бағдарламалық қатпаршасы қолданылуда.
Желілердің гидравликалық режимдерін жақсарту есебінен осы компонентті іске асыру келесілерге мүмкіндік береді:
су шығынын азаюы;
су мен ағындарды соруға электр энергиясын тұтынудың қысқаруы;
су беру режимінің оңтайлануы және энергияны тұтынудың азаюы, негізгі құралдарды басқару және жүйелерді дамытуды жоспарлау тиімділігінің артуы.