Кәріз люктері күнделікті қалыпты жағдай, өтіп бара жатып жолда бар-жоғын байқамайсың. Қақпақпен толық жабық тұрғанда мән бермейміз. Кейде люктар өзіне қаратуға мән береді, қақпақтары болмайды. Люк қақпақтарын ұрлайды.
«Қостанай-Су» МКК айына бір рет полиция қызметкерлерімен біріге қара және түсті металлдар қабылдау пункттеріне тексеріс жүргізеді.Тексеріс барысында кәріз люктері табылған жоқ.
Екі айда 42 кәріз және су құбыры люктары ұрланды.
Бұл өз кезегінде реконструкция жүйесіне аз қаражат жұмсамаған кәсіпорынға зиянын келтіреді және қайта қалпына келтіру қауіпті.Субыры әрине жоғалған қақпақты бірнеше сағаттар ішінде жабуға тырысады, дегенмен кей кездері ұрланған қақпақтың негізін орнатуға тура келіп қақпақты жылдам жабу мүмкін болмайды.
Люктардың жоғалуын таңертең байқаймыз, түнде ұрланған люкқа түн уақытында адам немесе мал, көлік түсіп кетуі мүмкін ғой, дегенмен люк ұрлаушыларына бұл жағдай бәрібір.
«Қостанай-Су» МКК Қостанай қаласы тұрғындарына суқұбырының тәуліктің кез келген уақытында суқұбырының диспетчерлік қызметіне люктардың ұрлануы туралы хабарлауыңызды сұраймыз: 22-25-00,22-88-47. Ұрлықшыны ұрламауға көндіре алмаймыз, ал қырағылық таныту арқылы бақытсыздықтың алдын алуға болады.
Баспасөз қызметі:«Қостанай-Су» МКК