Сергей Кабанов «Қостанай-Су» МКК 18 жыл бойы тас қалаушы болып қызмет етеді.
Интервью алу мақсатымен келгенімізде оның қолы бос емес екен, шолу шұңқырында қабырға қалап жатыр екен. Көңілін алаңдатуға тура келді.
Сергей Васильевичтің бос уақыты болмайды, ол талапты және жауапты жұмыскер. Қостанайда туып өскен. № 9 мектепте оқыған, тас қалаушы мамандығын саналы түрде таңдап, ГПТУ-62 мамандықты игерген.
– Менің мамандығыма әрқашан және барлық жерде сұраныс бар, тас қалаушы — тұрғын үйлерді, көпірлерді, ал менің жағдайымда, тіпті, құдықтарды да салу мен жөндеуге қатысатын жұмысшы, – деді Сергей Васильевич.
– Балаларым менің жолымды құмады, ауыр жұмыс қой. Суықта да, ыстықта да жұмыс істеу керек.
Сергей Кабановтың екі баласы бар – ұлы мен қызы. Ал жақында бірінші немересі дүниеге келді. Жұбайымен 37 жыл бақытты өмір сүруде. Демалысын Сергей Васильевич отбасымен өткізуді қалайды.
– Бұрын курорттарға баратын едік, Гагрыда, Сарыағашта болдық. Ал қазір мұндай демалыстар қымбатқа шығады. Бірақ ең бастысы – қай жерде болғаның емес, кіммен болғаның. Жақындарыңмен қай жерде болсаң да, керемет деп есептеймін, – дейді Сергей Васильевич.
Жас кезінде біздің кейіпкеріміз «Трудовые резервы» стадионы жанында тұрған екен, сонда футбол ойнаған. Қазір алаңда допты қуалауға денсаулығы жарамайды, алайда Сергей белсенді жанкүйер, әсіресе әлем чемпионаты кезінде.
– Әрине Ресейдің жанкүйері болдым, өйткені біздің көршілеріміз ғой, – деп түсіндірді Сергей Кабанов.
ақпарат көздері:http://top-news.kz/delo-mastera-boitsja-2/