2019 жылғы 29 шілдеде тұтынушылар мен өзге мүдделі тұлғалар алдында «Қостанай-Су» МКК қызметі туралы есеп бойынша тыңдаулар өтті.
Тыңдауларда директор Файзулаев Е.Р. баяндама жасап, 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жасалған жұмыс жөнінде есеп берді. Өз баяндамасында Еркебұлан Рахманұлы кәсіпорын қызметінің келешегі, тарифтер, тарифтік сметаның баптар бойынша орындалуы, инвестициялық қызмет және дебиторлық берешекті төмендету бойынша іс-шаралар туралы айтып берді.
Тыңдауларға қатысқандар: ҚР ҰЭМ ТМРжБҚ ТҚК Қостанай облысы бойынша департаментінің талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімі басшысының м.а. – Гасанов Руслан Исаг-Оглы, «Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ – Аринов Арман Серікұлы, Облыстық ардагерлер кеңесі, Сауда, көлік және тұрмыс жөніндегі комиссия төрағасы – Цыба Вера Александровна, сондай – ақ «Қостанай-Су» МКК қызметкерлері, тұтынушылар және БАҚ.
2019 жылы «Қостанай-Су» МКК қызметі көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, тарифтерді ұстап тұруға, қаланың әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларына қатысуға, қаланың тіршілік әрекетінің негізі ретінде сумен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз етуге, инвестициялық жобаларды сапалы және тиімді орындауға бағытталған.