Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау мақсатында 2019 жылғы 28 тамызда еңбекті қорғау бөлімі кәріздік сорғы станциялары учаскесінің жұмысшыларымен оқу-әдістемелік сабақ өткізді.
«Жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету» атты бірінші мәселе бойынша еңбекті қорғау бөлімінің бастығы М.А.Исенбаев баяндады. Сатып алынған «Александр-0,1» манекенінде клиникалық өлім кезінде зардап шеккен адамға реанимациялық іс-шараларды көрсету әдістері көрсетілді. «Өкпені жасанды желдету – жасанды тыныс алу» және «Жүректің сыртқы массажын» жасау көрсетілді.
Манекенде келесі әдіс-тәсілдер көрсетілді: жарақат кезіндегі алғашқы көмек (қан кету); қан кетуді бұраумен тоқтату; сынулар мен шығулар кезіндегі алғашқы көмек;
Екінші мәселе бойынша бас механик О. Б. Ульянов қатысушыларды ЖКМ және қысымдағы ыдыстармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныстырды. Қауіпті құрылғылармен, механизмдермен жұмыс істеу кезінде апаттық жағдайларды, жазатайым оқиғаларды қалай болдырмау керектігін қорғану құрылғылары (кері клапандар, автоматты қорғау құралдары және т.б.) үлгісінде көрсетті.
Үшінші мәселе бойынша бас энергетик Б. А. Корчинский электр құрал-жабдықтарында (электр дрелі, болгарка ) пайдалану тәртібін, олардың ақаулықтары кезіндегі сақтық шараларын көрсетті.
Осылайша, алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті зардап шегушінің жанында болған адам дер кезінде көрсете алады және көрсетуі тиіс. Кәсіпорынның әрбір қызметкері өз кәсіби міндеттерін орындағандай білікті көмек көрсетіп, қысымдағы ыдыстармен, жүк көтергіш механизмдермен және электр құралдарымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауды білуі тиіс.