«Қостанай-Су» МКК алғашқы партиялық ұйымы «Баланы мектепке жинайық»акциясына қатысады. 2019 жылғы 28 тамызда «Nur Otan» партиясының Қостанай қалалық филиалында «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында «Қостанай-Су» МКК АПҰ төрағасы Файзулаев Еркебұлан Рахманұлының тапсырмасы бойынша директордың 1-ші орынбасары Досумов Салимжан Мустакович Дмитриева Надежда Васильевнаның көп балалы отбасынан шыққан төрт балаға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын табыс етті. АПҰ шешімі бойынша «Қостанай-Су» МКК кәсіпорын жұмыскерлерінің 17 отбасынан шыққан 43 оқушыны кеңсе тауарларымен және мектеп формаларымен қамтамасыз етті.
Қазіргі уақытта «Қостанай-Су» МКК АПҰ 170 партия мүшесі бар.