Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті 2020 жылға арналған жұмыс жоспары негізінде Департамент өкілдерінің, табиғи монополиялар субъектілерінің, «Нұр Отан», Қостанай облысы өкілдерінің палатасы, жергілікті атқарушы органдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен коммуналдық саланың проблемалық мәселелері бойынша тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.
Тұтынушыларды қабылдау Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 19 (акті залы) мекенжайы бойынша 2020 жылғы 12 ақпан күні сағат 15:00-ден 17:00 дейін өтеді.
Осыған байланысты, Департамент Қостанай қаласының тұрғындарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Анықтама телефондары: 8 (7142) 22-17-00, 8(7142) 54-11-52.