Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау мақсатында 2020жылғы 20ақпанда еңбекті қорғау бөлімі бастықтармен, шеберлермен, өндірістік учаскелердің, цехтардың механиктерімен, машинисттерімен, жүргізушілерімен, арнайы техника жүргізушілерімен нұсқаулық-кеңесусабақөткізді.
Бірінші сұрақ бойынша «Арнайы техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтау туралы» еңбекті қорғау бөлімінің бастығы М. А. Исенбаев баяндады. Ол «Су құбыры, кәріз желілерінде жөндеу жұмыстарын орындау және арнайы техниканы (экскаватор, автокран, саңылау кескіш, ваккумдық машина, жүк автокөлігі және т.б.) қолдана отырып учаскелердегі басқа да жұмыс түрлері аса қауіпті жұмыстарға жататынын айтты. Алайда, осы санаттағы қызметкерлердің жұмыс бастар алдында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізбейді және наряд-рұқсат жазбайды
Жөндеу жұмыстарыныңбасшысы (арнайы техникаға тапсырыс беретін учаске бастығы, шебер, механик) жұмыс басталар алдында тракторист, машинист, арнайы техника жүргізушісімен (экскаватор, автокран, саңылау кесуші және т.б.) жоғары қауіпті жұмыстарды жүргізуге наряд-рұқсат енгізумен және тракторист, машинист, жүргізуші нұсқаулықтан өткені туралы растауменеңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық жүргізу қажет.
Еңбекті қорғау бөлімі өткізетінрейдтер, тексерулер кезінде мына мәселе бойыншатексеруболады: тракторшылар, машинистер, арнайы техника жүргізушілерінің наряд-рұқсатта өткізілген нұсқаулықтар туралы белгілеу. Орындамаған жағдайда Қ және ЕҚ талаптарын қатаң бұзушылық болып есептеледі.
Қауіптілігі жоғары жұмыстардың басшыларына(учаске бастығы, шебер, механик)бұл жұмыстыуақытылы өткізу сұралады және талап қойылады, осылайша өндірісте жазатайым жағдайды болдырмау қажет.