Су сапасына қатысты көптеген шағымдарға байланысты «Қостанай-Су» МКК келесі шараларды қабылдауда:
– «Қостанай-Су»МКК желілеріндегі су айырғыштардың соңғы нүктелерінде суды шаю және ағызу жұмыстарын жүзеге асырамыз.
Естеріңізге сала кетейік, кеше 2020 жылғы 24 мамырда су тазарту құрылыстарында электрмен жабдықтаудың бірнеше рет ажыратылып, бірнеше рет үзілуіне байланысты сорғы станциясында іркіліс пайда болды. Осыған байланысты қысым төмендеді, бұл төмендеу лайлықтың жоғары мөлшеріне әкепсоқты. Сол күні сағат 18.00-де сорғы станциясының жұмысы толығымен қалыпқа келтірілді және қысым тұрақтанды.
Су сапасы мен лайлану мәселелері»МРЭТ»ЖШС электр тарату желілеріндегі авариядан туындаған электрмен жабдықтаудағы іркіліс салдарына байланысты.