ҚР ТЖМ 2014 жылғы 9 маусымдағы №276 «Ұйым қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидалары» бұйрығын орындау мақсатында ЕҚ және ҚТ, АҚ және ТЖ бөлімімен 25-29 қыркүйек аралығында учаскелер электромонтерлері мен күзет қызметінің қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі бойынша жыл сайынғы оқыту өткізілді.
Өрт-техникалық минимум бағдарламасы шеңберінде білім алушылар өрт қауіпсіздігі шараларымен және өртке қарсы режим іс-шараларымен, кәсіпорынның өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтың мазмұнымен танысты.
Сабақтың практикалық бөлімі барысында тыңдаушыларға өртті сөндіру, өрт сөндіргішті іске қосу тәсілдері мен әдістері көрсетілді.
Сабақ аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясы өрт – техникалық минимум көлемінде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша 38 қызметкердің білімін тексеруді (тестілеуді) өткізді.