«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» МКК 2021 жылғы 01 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ №374–НҚ бұйрығымен электр энергиясы, инвестициялық бағдарлама бойынша шығындарды түзету есебінен бекітілген орташа босату тарифтері ҚҚС есебімен төмендетілгенін хабарлайды:
– Суды (ауыз су) магистральді құбыр жолдарымен және тарату желілерімен беру қызметтеріне 172,57 теңгеден 143,14 теңге/м3 дейін төмендетілді
– Сарқынды суларды бұру және тазарту қызметтеріне 159,88 теңгеден 132,24 теңге/м3 дейін төмендетілді.
Оның ішінде тұтыну топтары бойынша сараланған тарифтер бекітілді:
-Суды (ауыз су) магистральді құбыр жолдарымен және тарату желілерімен беру қызметтеріне:
Тұрғындар – 76,56 теңге/м3
Жылу энергиясын өндірумен айналысатын кәсіпорындар – 93,58 теңге/м3
Өзге тұтынушылар -277,05 теңге/м3
Бюджеттік ұйымдар -730,70 теңге/м3.
– Сарқынды суларды бұру және тазарту қызметтеріне
Тұрғындар – 61,56 теңге/м3
Өзге тұтынушылар -169,84 теңге/м3
Бюджеттік ұйымдар – 953,43 теңге/м3.
– Суды (техникалық су) магистральді құбыр жолдарымен және тарату желілерімен беру қызметтеріне: -16,79 теңге/м3.
«Қостанай-Су» МКК әкімшілігі