Құрметті тұтынушылар!
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ 2021 жылғы 16 маусымдағы №74-НҚ бұйрығымен 2021 жылғы 01 шілдеден бастап қолданысқа енгізіле отырып, магистральдық құбыржолдары және таратушы желілер бойынша су беру (техникалық су) қызметтеріне ҚҚС есебінсіз 14,75 теңге/м3 (ҚҚС-мен 16,52 теңге/м3) мөлшерінде тариф бекітілді. Тарифтік сметаға шығындарды қысқарту бөлігінде өзгерістер енгізілді. Магистральдық құбыржолдары мен тарату желілері арқылы су беру (техникалық су) қызметі бойынша кәсіпорын өткізу көлемінің төмендеуіне байланысты қуаттылығы аз кәсіпорындарға жатқызылған.
«Қостанай-Су» МКК әкімшілігі