«Қостанай-Су» МКК-да ауыз судың сапасына өндірістік бақылауды «зертханада өлшеулердің жай-күйін бағалау туралы» куәлігі бар өндірістік зертхана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Зертхананың негізгі міндеті жер үсті көзінен – Амангелді су қоймасынан, жер асты көзінен – 36 ұңғымадан алынған бастапқы су сапасының химиялық және микробиологиялық көрсеткіштеріне, суды тазартудың технологиялық процестеріне, қаланың тарату желісіне шығатын ауыз суын және қаланың тарату желілерінде-су құбыры бағандарында ауыз су сапасына зерттеулер жүргізу болып табылады. Ауысымдық зертхана зертханалық зерттеулер жүргізе отырып, өндірістің барлық сатыларында тазарту және зарарсыздандыру технологиясының сақталуына тәулік бойы бақылау жүргізеді. Барлық өлшемдер өзекті нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Зертханалық-өндірістік бақылау ҚРДСМ 2023 жылғы 20 ақпандағы №26 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық Қағидалардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша ауыз су ҚРДСМ -138 24.11.2022 ж. бұйрығымен бекітілген шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану қауіпсіздігі көрсеткіштерінің Гигиеналық нормативтерінің талаптарына сәйкес келеді.
«Қостанай қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ қаланың тарату желілерінде және бастапқы және ауыз су сапасына тоқсан сайынғы жоспарлы бақылауды, жер үсті және жерасты көздерінен, «Қостанай – Су» МКК тазарту құрылыстарында қаланың тарату желісіне беру алдында және су құбыры колонкаларында сынамаларды алу арқылы жүзеге асырады.