Бүгін “Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы
Азамат Бегалин мерекемен құттықтап,
«Қостанай-Су» МКК
директоры Шалабаев Қазбек Васильевичті,
директордың орынбасары Ескатов Ануар Корганбековичті, КССК учаскесінің бастығы Лойко Иван Николаевичті, жетекші инженер-инспектор Күйкабаев Серик Тулеуевичті
жоғары кәсібилік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі үлестері үшін алғыс білдірді.
Аталған құттықтау кәсіби мереке — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күніне орайластырылған.
Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық, амандық, кәсіби жетістік және қаланың игілігі үшін барлық бастамаларды табысты іске асыруды тілейміз!