«Қостанай-Су» МКК тұтынушылардың назарына 1 сәуірден бастап сумен жабдықтау және суды бұру қызметтері тарифтерінің көтерілетіні туралы хабарлайды.
Абоненттер үшін тарифтердің көтерілуі:
- тұрғындар үшін 11 %
- өзге тұтынушылар үшін 26 %
Ағынды суларды бұру және тазалау қызметтері үшін:
- тұрғындар үшін 11 %
- өзге тұтынушылар үшін 21 %
Осыған байланысты тұтынушыларға өлшеу құралдарының көрсеткіштерін беру туралы және сумен жабдықтау мен суды бұру қызметтері үшін қарыздарын өтеу туралы өтінішпен тарифтердің көтерілгеніне дейін жүгініп отырмыз.
«Қостанай-Су» МКК баспасөз қызметі