Барлық қызметтер бір сайтта. Қостанай-Су абоненттермен ақпараттық жұмысты күшейте отырып, «цифрлық» форматқа ауысуды ұсынады. Бүгінгі күні жаңартылған интернет-сайтта кез-келген әрекет қолжетімді: шарт жасаудан бастап көрсеткіштерді беру мен оларды салыстырып тексеруге дейін. Біріншіден, бұл тұтынушылардың өмірін жеңілдетеді, сондай-ақ, бақылаушылардың да жұмысы азая түседі.