«Қостанай қ. сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту» бағдарламасы бойынша Еуропа қайта құру және даму Банкінің (ЕҚДБ) қаражатын тарту арқылы келесі нысандардың құрылысы мен қайта құрылуы жүзеге асырылуда:
– «Қостанай қ. дизенфекциялау жүйесін қайта құру»;
– «Қостанай қ. су құбыры тазартқыш құрылыстарын жаңғырту»;
– «Қостанай қ. Карбышев к. бойынша Чернышевский к. Мәуленов к. 33/7 дейін Д-400 мм. су таратқышын қайта құру;
– «Майлин к. бойынша («Большевичка» фабрикасының аумағы) Урицкий к. бойынша Победа к. дейін Д-300 өздігінен ағатын кәріз коллекторын қайта құру»;
– «Қостанай қ. Дощанов к. бойынша Майлин көшесінен П.Борцов к. дейін, П.Борцов к. бойынша Дощанов к.-Фролов к. шегінде өздігінен ағатын коллекторды қайта құру»;
– «Қостанай қ. Д-400 ЖЭЦ су беретін су таратқышты қайта құру».
2018 жылғы 3 қазанда осы нысандарға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Г.Т.Нұрмұхамбетов және Қостанай қаласының әкімі Б.Ж.Жақыпов барды. Нысандарды көру барысында «Қостанай-Су» МКК директорының құрылыс барысы туралы қысқаша есебі тыңдалды, осы сияқты құрылыстың аяқталу мерзімдері мен мәселе тудыратын сұрақтар туралы айтылды.
ЕҚДБ бірлесе отырып жоғарыда аталған нысандарды іске асыру аясында су құбырлық және кәріз желілерінің 6 км. қайта құрылады, осымен қатар, қазақстандық жабдығы бар жаңа дезинфекциялау станциясы салынады, тағы осы сияқты тазартқыш құрылыстарды пайдаланған мерзімнен бастап жасалмаған жаңғыртуды іске асыру жоспарлануда.
Осы нысандарды іске асыру «Қостанай-Су» МКК көрсететін қызметтер сапасын арттыруға, сол сияқты суды хлорлаудың қауіпсіз технологиясына көшуге ықпалын тигізеді.