«Террористік тұрғыдан осал объектілерде террористік қатерлердің алдын алу»
Террористік тұрғыдан осал объектілер (бұдан әрі – ТТО объектілері) – аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер және стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, қауіпті өндірістік объектілер, адамдар көп жиналатын объектілер, олардың тізбелерін және оларға қойылатын тиісті талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды («Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының анықтамасына сәйкес).
Егер жай сөзбен айтатын болсақ, ТТО объектілері – бұл әкімдіктердің, соттардың ғимараттары, ірі сауда орталықтары, мектептер, ауруханалар, өндірістік кәсіпорындар және т.б., көптеген адамдардың өліміне әкеп соғуы мүмкін террористік қолсұғушылықтар және басқа да ауыр салдар.
Жарылғыш құрылғыға ұқсас бөтен күдікті зат табылған кезде
- басшының нұсқауы бойынша немесе өз бетінше «102» телефоны бойынша – ІІБ кезекші бөліміне (полицияға), «112» – төтенше жағдайлар бөлімшесінің кезекші бөліміне объектінің атауын, оның мекенжайын, заттың табылған уақытын көрсете отырып болған жағдай туралы дербес хабарлау;
- құқық қорғау органдары, апаттық-құтқару қызметтері келгенге дейін өткізу режимін күшейту, мүмкіндігінше зат табылған орынды қоршау, қоршау қою және күдікті зат табылған жерге кемінде 100 м қашықтықта кіруді жабу қажет;
- құқық қорғау органдары, апаттық-құтқару қызметтері келгеннен кейін олардың нұсқауы бойынша қызметкерлер мен келушілерді хабардар ету және эвакуациялау шараларын қабылдау;
Күдікті затқа қол тигізуге, оны өз бетінше ашуға, орнын ауыстыруға және бірдеңемен жабуға, су құюға, механикалық әсер етуге, сондай-ақ заттың жанында радио және ұялы байланыс құралдарын пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады.