Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді келе жатқан астана күнімен және Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 80 жасқа толуымен құттықтағымыз келеді.
22 жыл – тарихи уақыт кезеңі, ол адам үшін үлкен, бірақ тарих үшін – бір сәт қана. Біздің Тәуелсіз Қазақстан үшін бұл осынша тамаша сәт! Шын мәнінде, миллиондаған адамдардың көз алдында тамаша астанамыз – Нұр-Сұлтан салынды. 22 жыл бұрын Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың астананы көшірудегі көреген стратегиялық қадамы дұрыс болды және өзінің саяси, экономикалық және геосаяси қажеттілігін растады.
Осы уақыт ішінде Нұр-Сұлтан дамыған инфра құрылымы бар Қазақстанның әдемі астанасы ғана емес, сонымен қатар әр түрлі деңгейдегі туристер мен мамандарды тартатын орталық болды. 22 жыл ғана, бірақ ол сондай тамаша! Біз бұны мақтан тұтамыз, бұл көпұлтты Қазақстанның ортақ мерекесі.
Қымбатты қала тұрғындары, сіздерге шын жүректен күш-қуат пен оптимизм, жігер мен шабыт, бейбітшілік, бақыт пен амандық тілейміз.