Бір ай ішінде өндірістік учаскелерде, цехтарда қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мәселелері және жазатайым оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету әдістері бойынша жыл сайынғы оқыту жүргізілді.
Қазіргі уақытта өткізілген теориялық оқыту курстары бойынша қызметкерлердің білімін тексеру (емтихандар) бойынша жұмыстар басталды. Короновирустық инфекциямен байланысты күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік талаптарды сақтау мақсатында қызметкерлердің емтихан тапсыруы өндірістік учаскелердің, цехтардың жайларында жүргізіледі.
2021 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша келесі учаскелердің емтихан тапсыруға қатысқан барлық 57 адамы білімдерін растады: желілік су құбырын жөндеу, желілік кәрізді жөндеу және автокөлік цехы учаскелері. Екі жұмыс күнінің қорытындысы бойынша кәсіпорынның емтихан комиссиясы қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алған білімдерін оңтайлы растағанын атап өтті. Әзірленген кестеге сәйкес бір ай ішінде қызметкерлер білімін тексеруден өтеді.
Алынған теориялық білім және жұмыскерлерді жұмысты жүргізудің қауіпсіз әдістеріне практикалық оқыту өндірістегі жазатайым оқиғалар мен жарақаттанудың алдын алуға мүмкіндік береді.