Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитеті Департаментінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №385-НҚ бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап айына бір адамға тұтыну көлеміне қарай сумен жабдықтау қызметіне сараланған тариф енгізілді.
«Қостанай-Су» МКК сумен жабдықтау қызметтерін тұтынушылардан тұрғын үй иесінің мекенжайында тіркелген тұлғаларды салыстырып тексеру үшін абоненттік бөлімге жүгінуді сұрайды.
Тіркелген азаматтар туралы мәліметтерді тұрғын үй иесі «Электрондық үкімет» порталында (e-Gov) өзінің «Жеке кабинетінен» көре алады.
Барлық сұрақтар бойынша келесі нөмірлерге хабарласыңыздар:
74-90-60
54-24-94
22-25-33
39-37-65
22-86-65