28 сәуір — Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) шешімі бойынша 2001 жылдан бері әлемнің барлық елдерінде аталып келе жатқан Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін жариялау идеясы жұмыста қаза тапқан немесе жарақат алған жұмысшыларды еске алудың халықаралық күнімен байланысты.
Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы бойынша жыл сайын өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың салдарынан әлемде екі миллион адам, яғни күн сайын алты мыңға жуық жұмысшы қайтыс болады, және де жыл сайын қаза тапқандар саны 10%-ға артады.
Бұған қоса 270 миллион адам өндірістегі жазатайым оқиғалардың құрбаны болуда.
Жыл сайын кәсіптік аурулармен ауыратын 160 миллион адам тіркеледі.
Өмірден артық құнды ештеңе жоқ. Адам үшін өмір сүру құқығынан гөрі айқын және бұлтартпас ештеңе жоқ.
Әлем халқының көп бөлігі саналы өмірінің үштен бірінен астамын жұмыс орнында өткізіп, қоғамның дамуына үлес қосады. Егер жұмыс орнындағы өмірге қауіп төнсе, онда өнімді жұмыспен қамту және әлеуметтік-экономикалық даму үшін негіз жоғалады.
Сондықтан, жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасын өзектендіру және насихаттау үшін 01 сәуірден бастап кәсіпорында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған Байқау өткізілуде.
Байқаудың ұраны: «Қауіпсіз еңбек — әр қызметкердің міндеті!»
Бүгін біз викторинаны өткіздік, ол байқау кезеңдерінің бірі болып табылады!!!
View this post on Instagram