Бүгін «Қостанай Су» МКК-да Отан қорғаушылар күніне арналған мереке өтті.
Біздің әйелдер қауымы 7 мамыр мерекесімен құрметті ер әріптестерін жылы және қуанышты шыраймен құттықтады!
Құрметті әріптестер, қымбатты ер азаматтар!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
Сіздерге шын жүректен мықты жауынгерлік рух, қажымас қайрат тілейміз. Армандарыңыз бен мақсаттарыңыз орындалып, әр бастамаларыңыз сәтті іске аса берсін! Әр күндеріңіз Отбасы үшін, Еліміз үшін, Өзіңіз үшін жасаған игі істер мен жақсылыққа толы болсын!
Денсаулықтарыңыз зор болып, еңбекте жаңа жетістіктер мен жеңістерге жете беріңіздер!
2025 жылғы 30 сәуір. Қостанай облысындағы «ЖЕР» командалық-штабтық оқу -жаттығулары
2025 жылғы 30 сәуірде Қостанай облысының аумағында Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментімен «ЖЕР» атты командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді.
Оқу-жаттығу өткізілетін орын:
№ 1 жаттығу алаңы — «Костанай стройтеплокотлсервис» ЖШС, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ.
Оқу-жаттығудың мақсаты: Көп қабатты тұрғын үйдегі шартты төтенше жағдайдың салдарын жою кезінде шұғыл қызметтер мен коммуналдық кәсіпорындардың өзара әрекеттестігі мен іс-әрекеттің реттелгендігін пысықтау.
Оқу-жаттығу сценарийі:
Көп қабатты тұрғын үйдің ішінара бұзылуын имитациялау;
Ғимараттың жоғарғы қабаттарынан зардап шеккендерді эвакуациялау;
Адамдарды үйінділерден шығару бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
Шартты өрт ошағын жою;
Сумен жабдықтау және электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жөніндегі коммуналдық қызметтердің жұмысы;
Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету.
Оқу-жаттығуға келесі қызметтер және ұйымдар қатысты:
Инженерлік қызмет
Медициналық қызмет
Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі
Қостанай облысы бойынша ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы
ТЖД Жедел-құтқару жасағы
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет
Энергетика қызметі
Байланыс қызметі
Ақпарат қызметі
«Қостанай-Су» МКК
«QAZAQGAZAIMAQ» АҚ
«Қостанай-Су» МКК қатысуы:
11 қызметкер жұмылдырылды
Қатысу үшін жауапты: еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, АҚ және ТЖ жөніндегі инженер Базылбеков Алтай Валиханович
3 бірлік техника тартылды:
ГАЗ-3307 (су тасушы)
JAC (вакуумды машина)
JAC (апатты жойғыш машина)
Кәсіпорынның техникасы мен қызметкерлері суды тартып шығаруды, су беруді тоқтатуды және ысырмаларды жабуды имитациялауды жасады.
Қорытынды:
Оқу-жаттығу штаттық режимде өтті, мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді. Барлық қызметтердің ТЖ-ға ден қоюға дайындығы тексерілді, ведомстволар арасындағы өзара әрекеттестік жақсарды.
The requested URL was not found on this server.