2019 жылғы 27 шілдеде «Қостанай-Су» МКК жұмыскерлері «Birge – Taza Qazaqstan» экологиялық акциясына қатысты. Кәсіпорын қалалық жағажай аумағының бөлігін қоқыстан тазартты.
Жыл сайын көптеген ұйымдар және қаламыздың тұрғындары түрлі аумақтарды тазалап, сенбіліктер өткізеді, біздің де кәсіпорын осындай сенбіліктердің тұрақты қатысушы. Кәсіпорын қызметкерлері жыл сайын қоқыстың азаймайтынын және қоршаған ортаның ластану мәселесін шешу тек бірлесіп жасаған жұмыс арқылы ғана мүмкін екенін анық түсінеді.
«Қостанай-Су» МКК су қоймалары мен өзендердің жағажайларын, гүл бақтарын, саябақтарды және басқа да маңызды орындарды тазалау болашақ ұрпақтардың таза ауа мен таза суы үшін күрестің бір қадамы болатынына, және осы іс-шара бір рет қана өтіп қоймай, қалыпты және тұрақтыға айналатынына сенеді.