Біздің кәсіпорында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ерекше назар бөлінеді, кәсіпорын қызметкерлерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау бойынша тұрақты бақылау жүзеге асырылады.
2019 жылғы 25 шілдеде желілік су құбыры учаскесінің жұмысшыларымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық – кеңес өткізілді.
Аталған іс-шарада ЕҚ және ҚТ, АҚ және ТЖ бөлімінің бастығы М. А. Исенбаев, бас механик О. Б. Ульянов, бас энергетик Б. А. Корчинский практикалық көрсетіліммен баяндады.
Желілік су құбырының қызметкерлері мына тақырыптар бойынша нұсқаулықты үлкен қызығушылықпен тыңдады:
1.Жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау және қайғылы оқиғалар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
2.Жүк көтергіш механизмдермен, қысымдағы ыдыстармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі.
3.Электр қондырғыларымен және электр құрылғыларымен жұмыс істеу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі.