Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау мақсатында 2019 жылғы 9 тамызда еңбекті қорғау бөлімі 1-көтерілім және су гидроторап жұмысшыларымен «Жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету» тақырыбында оқу-әдістемелік сабақ өткізді.
Сатып алынған «Александр-0,1» манекенінде клиникалық өлім кезінде зардап шеккен адамға реанимациялық іс-шараларды көрсету әдістері көрсетілді. «Өкпені жасанды желдету – жасанды тыныс алу» және «Жүректің сыртқы массажы» өткізілді
.
Сол сияқты манекенде әдіс-тәсілдер көрсетілді:
– жарақат кезіндегі алғашқы көмек (қан кету);
– қан кетуді бұраумен тоқтату;
– сынулар мен шығулар кезіндегі алғашқы көмек;
Осылайша, алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті зардап шегушінің жанында болған адам дер кезінде көрсете алады және көрсетуі тиіс. Кәсіпорынның әрбір қызметкері өз кәсіби міндеттерін орындағандай білікті көмек көрсете білуі тиіс.
Оқу полигонында «Су құбыры және кәріз құдықтарындағы жұмыстар кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтау және жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету» тақырыбында оқу – жаттығу сабақтары өткізілді. Бригада жұмысшыларында жеке және ұжымдық қорғану құралдарының бар-жоғы көрсетілді. 1-ші көтерілімнің, гидротораптың апаттық-қалпына келтіру бригадасы жөндеу жұмыстарын орындау кезінде қолда бар қорғаныс құралдарын пайдалануды іс жүзінде көрсетті.
«Құдықтардағы , камералардағы газданушылықты анықтау» атты кіріспе тақырыпты пысықтау барысында кәріз құдығында адамның денсаулығына зиянды газдың болуын анықтау үшін газталдағышты пайдалану әдістемесі көрсетілді.
Сонымен қатар, газдалған құдықта қызметкердің улануы кезінде құтқару және дәрігерге дейінгі көмек көрсету әдістері көрсетілді. Оның барысында шлангтік газқағарларды, баулары мен арқандары бар қорғаныс белбеулерін іс жүзінде қолдану және зардап шеккенге дәрігерге дейінгі көмек көрсету көрсетілген.
Жаттығу сабағының мақсаты қызметкерлерді қолда бар қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, апаттық, стандартты емес жағдайларда зардап шеккендерге дұрыс, уақытылы көмек көрсету болып табылады.