Жыл сайын «Қостанай-Су» МКК су құбырлық желілердегі судың зарарлануының алдын алу мақсатында гиперхлорлау шараларын жүргізеді.
Суды хлорлау үшін тазарту станцияларының су құбырында сұйық хлор пайдаланылады. Хиперлорлауды жүргізу кезеңінде «Қостанай-Су» МКК ысырмалар мен бекітпелерді ауыстыру жұмыстарын жүргізді. Осымен қатар көлемі 10 мың куб резервуары күрделі жөндеуден өтуде.
Осылайша, бүгінгі күні бізбен 2019 жылдың басына қарай суды зарарсыздандырудың аса қауіпсіз технологиясына көшу үшін (сұйық хлордың орнына натрий гипохлоритін пайдалану) дезинфекциялау станциясының құрылысы табысты жүргізіліп жатыр.