Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау мақсатында 2021 жылғы 27 қаңтарда еңбекті қорғау бөлімімен өндірістік учаскелердің, цехтардың басшыларымен кеңес-нұсқаулық өткізілді. Кеңес жұмысына бас инженердің м.а. Б.Ж.Сейтбаев қатысты.
«2020 жылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау жағдайы және 2021 жылға арналған жоспарлар туралы ЕҚ және ҚТ, АҚ және ТЖ бөлімінің бастығы М.А. Исенбаев сөз сөйледі. Кеңеске қатысушыларға бөліммен өткен жылы жүргізілген жұмыстар бойынша ақпарат берілді, проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары айтылды. Ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары ұсынылды, өндірістік учаскелердің, цехтардың басшыларына, мамандарына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында міндеттер қойылды.
«Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау шаралары туралы» екінші мәселе бойынша ЕҚ және ҚТ, АҚ және ТЖ бөлімінің инженері С. А. Абильдин сөз сөйледі.
ЕҚ және ҚТ, АҚ және ТЖ бөлімінің қызметі бұдан әрі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтау және кәсіпорын қызметкерлеріне оңтайлы еңбек жағдайларын жасау бойынша тұрақты бақылауды жүзеге асыруға бағытталатын болады.