«Еңбекті қорғау күнін» өткізу аясында 2020 жылғы 12 маусымда оқу полигонында «Кәріздік сорғы станциялары кешені» учаскесінің жұмыскерлерімен практикалық сабақ өткізілді, тақырыбы:
1.Кәріз құдықтарында, коллекторларда жұмыс жүргізу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау.
2.Жазатайым оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету әдістемесі.
КСС жөндеу бригадасы жұмысшыларына қажетті жеке және ұжымдық қорғану құралдары мен олардың пайдалануы көрсетілді.
Желілік су құбырының апаттық-қалыпқа келтіру бригадасы жөндеу жұмыстарын орындау кезінде қажетті қорғаныс құралдарын (газқағар, қорғаныс каскасы, жіпті қорғаныш белдігі және т.б.) пайдалану, практикалық қолдануды көрсетті. Кәріздік құдықтағы зиянды газдармен уланған кезде көмек көрсетудің практикалық тәсілдері көрсетілді.
«Құдықтардағы, камералардағы газданушылықты анықтау» атты кіріспе тақырыпты пысықтау барысында кәріздік құдықта, сорғы станциясының тырмалық бөлімшесінде зиянды газдардың бар болуын анықтау үшін газталдағышты пайдалану әдістемесі көрсетілді.
«Александр-01-02» манекенінде жазатайым оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша клиникалық өлім кезінде зардап шеккен адамға реанимациялық іс-шаралар көрсету әдістері көрсетілді. «Өкпені жасанды желдету – жасанды тыныс алу» және «Жүректің сыртқы массажы»өткізілді.
Сондай-ақ манекенде әдіс-тәсілдер көрсетілді.:
– жарақат кезіндегі алғашқы көмек (қан кету);
– жгутпен артериялық қан кетуді тоқтату;
– сынулар мен шығулар кезіндегі алғашқы көмек;
– электр тогымен зақымданған кездегі алғашқы көмек
Осылайша алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті зардап шегушінің жанында болған адам дер кезінде көрсете алады және көрсетуі тиіс. Кәсіпорынның әрбір қызметкері өз кәсіби міндеттерін қалай орындауға білікті көмек көрсете білуі тиіс.
Оқу-жаттығудың мақсаты – қызметкерлерді қолда бар қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, өндірістегі жазатайым оқиғаларға жол бермеу және зардап шеккендерге уақытылы және дұрыс дәрігерге дейінгі көмек көрсету болып табылады