2016-2017 жылдары «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Қостанай қ. сумен жабдықтау және су бұру нысандарының жаңартылуына және құрылысына 3,7 млрд теңге бөлінді, соның ішінде сумен қамтамасыз етуге 2,6 млрд теңге және су бұруға 1,1 млрд теңге.
Бағдарлама шеңберінде өнімділігі тәулігіне 100 мың текше метрді құрайтын № 5 кәріздік сорғы станциясының құрылысы жүргізілді, жалпы құны 468 млн. теңге.
«Қостанай-Судың» директоры Файзулаев Еркебулан Рахмановичтің айтуынша алты сорғының, жабдықтау шкафтарының, үш үгіту тордың монтажын қоса, нысандарда энергия үнемдегіш заманауи және жоғары технологиялық жабдық орнатылған.
Бір уақытта Қостанай қаласы гидрожелісінің өнімділігі тәулігіне 149 мың текше метрді құрайтын сорғы станциясына қайта құру жүргізілді, жалпы құны 1004 млн. теңге.
Сорғы станциясын қайта құру кезінде нысанның қосымша энергия үнемдеуінің құрылысы және энергиялық тиімді және су беру жиіліктігін реттейтін автоматтандырылған сорғы жабдығын орнату бойынша шаралар жүргізілді.
Жобаны іске асыру нәтижелері бойынша келесі көрсеткіштерге қол жеткіздік: технологиялық процестің автоматтандырылуы; ағынды суларды тазалау сапасын жақсартатын заманауи жабдықтардың пайдаланылуы (үгіткіштер, торлар); құбырлар мен ілмек арматураның тозуын азайту және пайдалану мерзімін 10-15% ұлғаюы; пайдалану шығындарының азаюы; экологиялық және санитарлық қауіптердің төмендеуі.
Осы жобаны іске асыру арқасында Қостанай қ. сумен жабдықтау және суды бұру құрылыстарының пайдалану мерзімі 45 жылға ұзарды, энергияны үнемдеу есебінен қызмет көрсету