2020 жылғы 26 мамырда 12 сағат 32 минутта су тазарту құрылыстарының кірмесіндегі кернеудің ажыратылуына байланысты барлық қалаға су құятын сорғы станциясы өшірілді.
Осы жағдай энергия беруші ұйымдардың кінәсінен орын алды. Сағат 13:00-де су тазарту құрылыстарының сорғы станциясы қалаға су беруді қайта бастады. «Қостанай-Су» МКК су тарату желісіндегі су соққысын болдырмау үшін қысымды бірқалыпты көтеруді жүргізеді. 3 сағатішіндесуменқамтутолығыменқалпынакелтіріледі.
«Қостанай-Су» МКК келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.