Skip to content

Қостанай қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 1716 «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жер телімдеріне көпшілік сервитут орнату туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

  • by

Қостанай қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 1716 «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жер телімдеріне көпшілік сервитут орнату туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17 бабы 5-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 1716 «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жер телімдеріне көпшілік сервитут орнату туралы» қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 26 шілдеде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7966 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақта мемлекеттік және орыс тілдерінде «Гвардейская көшесі» сөз тіркесі «Ю.Гагарин көшесіне» ауыстырылсын.

  1. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған тәртібінде:

1) осы қаулыны жергілікті әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін оны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды  қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы ресми түрде алғаш жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.