«Қостанай-Су» МКК 57 оқушыны мектепке жинады
Кәсіпорын балаларға кеңсе заттары мен киім сатып алды
«Мектепке жол» акциясы аясында қалалық су арнасы қызметкерлерінің 49 баласы, сондай-ақ осы кәсіпорынға бекітілген отбасылардан шыққан сегіз бала қайырымдылық қолдауға ие болды.
— Акция аясында көпбалалы және толық емес отбасылар көмек алды,-деп хабарлады «Қостанай-Су» МКК баспасөз қызметі.
— Акция аясында көпбалалы және толық емес отбасылар көмек алды,-деп хабарлады «Қостанай-Су» МКК баспасөз қызметі.
Бұл акцияға коммуналдық кәсіпорын жыл сайын қатысатынын атап өтті. Тек биылғы жылы балаларға 1,7 млн теңге немесе бір оқушыға 30 мың теңге бөлінді.
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында да коммуналдық кәсіпорын тұрмысы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.