Тариф неге көтеріледі және табыс қайда кетіп жатыр? «Қостанай — Суда» бізге жаңғырту қалай өтіп жатқаны және бүгінгі күні «дағдарыс шегіне» жеткен желілердің тозуын айтарлықтай төмендетуге қанша қаражат қажет екені туралы айтып берді.
Қазіргі таңда коммуналдық кәсіпорын жөндеу мен құрылысты үш арнадан жүргізіп отыр: «Нұрлы Жол» бағдарламасы, Еуропа қайта құру және даму банкі және жеке қаражат. Бұл жеткілікті ме? Біздің корреспонденттер айтып береді.
Бүгінгі күні қалаға су беретін сорғы станциясы сағат тәрізді жұмыс істейді. 2017 жылы оны қайта құру аяқталды, ол жұмыстарға кәсіпорын «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша жарты миллиард теңге жұмсады. Енді механизм бұзылусыз 50 жыл бойы жұмыс істеуге дайын және ең бастысы – энергияны тиімді үнемдеуге, ал бұл экономикаға тікелей әсерін тигізеді.
Жылдың аяғына дейін кәсіпорын аумағында жаңа дезинфекциялау станциясының құрылысын аяқтау жоспарда, технология өзгереді. Егер бұрын мұнда қауіпті газ тектес хлорды сатып алса, енді ерітіндіні ас тұзынан өндіретін болады. Бұл су сапасына да қолайлы әсерін тигізбек. Мұндай құрылғылар Астана мен Алматыда бар.
Тілшілермен кездесу кезінде кәсіпорын басшылары экономиканың неден құрылатынын баяндады. Жалпы барлық цифрлар әркімге қолжетімді. Бес жыл ішінде желілер мен жабдықтарды жаңғырту мен жөндеуге шамамен 10 млрд теңге жұмсамақ, бұл «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша алынған және Еуропа қайта құру және даму банкінің қарыз қаражаты, сол сияқты тарифке қосылған инвест табыс, ол жыл сайын өсіп отырады және 2018 жылы 729 млн теңгені құрады – 531 млн 2017 жылы. 2021 жылға дейін бағытталған қаражат желілердің тозуын 3-4% қысқартуға жетеді.
«Тозудан» ілгері жүру үшін коммуналшыларға тағы 20 млрд теңге қажет. Бірақ бұл келешекке жоспар ғана. Қазір 2021 жылға дейінгі жоспарлар да шекті тарифтей бекітілді, ол жыл сайын біртіндеп өседі, егер 2018 жылы тұрғындар бір кубқа 95,16 теңге төлесе, 2021 жылы 121,85 теңге төлейтін болады.
Ақпарат көздері:http://kostanaytv.kz/ru/news/economic/v-kostanai-su-rasskazali-o-planah-po-modernizacii