Қостанай облысында «Мектепке жол» акциясы басталды. Биыл мемлекеттік, жеке ұйымдар мен білім бөлімдері көп балалы және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан мыңнан астам оқушыға, осымен қатар жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетеді.
Қостанайдың білім бөлімі жанашыр қала тұрғындарының көмегімен мектепке 18 млн теңге сомасына 1200 оқушыны дайындауды жоспарлап отыр,-деп хабарлайды alau.kz корреспонденті. Бүгін Надежда Дмитриеваның алты қызы ерекше қонақтарды күтті – олар «Қостанай-Су» кәсіпорнының қызметкерлері.
Қала су каналының қызметкерлері көп балалы ананың үйіне маңызды іспен – оқу жылының басталуына дайындалу үшін барлық қажеттіні табыстау үшін келді. Биылғы жылы мектепке Надежда Дмитриеваның төрт қызы барады. Оларды мектепке дайындау ең басты мәселе еді. Бірақ, білім бөлімі мен кәсіпорынның бірлескен жұмысы арқасында бұл мәселе тез шешімін тапты.
«Мен қалалық білім бөліміне бардым. Онда маған мектепке дайындауға көмек сұрап әкімдікке баруға кеңес берді. Мен солай істедім. Менің өтінішім бойынша «Қостанай-Су» қызметкерлері көмектесуді ұйғарыпты. Олар бізге мектепке қажеттінің бәрін әкеп берді: сөмкелер, кеңсе заттарын, киім, қысқы аяқ киім, күрткелер, спорт киімі», – деді батыр-ана Надежда Дмитриева.
Оқушыларды мектепке дайындауға мемлекеттік мекемелермен қатар, жеке кәсіпорындар да көмектеседі. Тамыздың оны күніне ғана жеті жүз мың теңгеден аса сомаға материалдық көмек көрсетілді. Жалпылай алғанда, биыл 18 млн теңгеге мыңнан астам баланы қамту жоспарлануда. «Біздің қала деңгейінде осы жұмысты үйлестірудің орталығы Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия болып табылады деп айта аламын. Бүгінгі күні хатшыда қала ұйымдары бойынша ғана 200 фамилия бар, ол өзі бөледі. Ол қала әкімдігіне қарасты нақты мекемелер. Бұл істі қолға алатын жеке ұйымдар да бар», – деп түсіндірді Қостанай білім бөлімінің басшысы Василий Цымбалюк. Балаларға көмектесу немесе акцияға қатысушы үшін 54-52-28 сенім телефонына немесе 54-55-97 жедел желі нөміріне хабарласу қажет. Қаланың білім бөлімі барлық тұрғындарға осы акцияға қосылуды ұсынады. Ол қыркүйектің аяғына дейін жалғасады.
көздері:http://alau.kz/1-200-uchenikam-goroda-pomogut-sobratsja-v-shkolu/