Оған «Қостанай-Су» МКК 30-дан астам қызметкері қатысты
Коммуналшылар Құрылысшы күнін неге мерекелейді?, -деп сұрайтын шығарсыздар. Олар сұрағыңызға толық құқылымыз деп жауап береді.
– Біз коммуникацияларды саламыз, олардың құрылысымен айналысамыз, біздің учаскелерде құрылысшылар көп. Сондықтан бұл мереке біздің де мереке болып саналады,- дейді «Қостанай-Су» МКК жұмыскерлері. Мерекені велосипедке мініп мерекелеу бірінші рет болып отыр. Маршрут велосипедтер қалашығынан қалалық жағажайға дейін созылды. Барлығы 6 километрге жуық.
– Өте жақсы жүріп өттік, ауа райы да қолайлы болды. Уақытты денсаулыққа пайдалы етіп, жақсы демалдық. Қатысушылардың бәріне ұнады. Енді мерекелерді дәстүрлі түрде осылай өткізетін боламыз,- деді кәсіпорын баспасөз қызметінің хатшысы Майя Акбасова.
көздері:http://top-news.kz/veloprobeg-v-chest-dnja-stroitelja-proshel-v-kostanae/