Осы жылдың аяғына қарай қалалық су каналында жаңа су дезинфекциялау станциясы іске қосылады. Коммуналдық компанияға бұл орталық 630 миллион теңгеге шығады. Бұл қарыз қаражаты, демек, оны қайтару қажет, – деді alau.kz корреспонденті.
Бүгінгі күні жұмысшылар болашақ дезинфекциялау станцияның шатырын жинақтаумен айналысып жатыр. Оны іске қосу осы жылғы қарашаға жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, жаңа орталық суды мүлде басқа, бұрынғыдан да сапалы әдіспен тазалауға мүмкіндік береді. «Станция суды хлор ерітіндісімен зарарсыздандыратын болады. Натрий гидрохлориді шығады. Осылайша, біріншіден, оны дұрыс мөлшерлей, реттей аламыз, сұйықтықтықты мөлшерлеу оңайырақ қой, пайдалану мен қауіпсіздік жағынан да жеңілірек. Әрине,тағы ең бастысы – су сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деп айтып өтті «Қостанай-Су» МКК директоры Еркебұлан Файзулаев. Станцияның құрылысы кәсіпорынға 630 миллион теңгеге шығады. Бұл Еуропа қайта құру және даму банкінің қаржы қаражаты. Жалпы 2021 жылға дейін коммуналшылар облыс орталығындағы сумен жабдықтау және су бұру желілерін жөндеу мен қайта құруға 10 миллиард теңге жібермек. 2021 жылға дейін есептелген ұзақ мерзімді тарифтік жоспарға сәйкес Қостанайда судың бағасы жыл сайын көтерілетінін айта кеткен жөн. Осылайша, жоспардың әрекет ету мерзімі аяқталған кезде қалалықтар суық суға бүгінгі күнге бекітілген 84 теңгенің орнына 108 теңге төлейтін болады.
Ақпарат көздері:http://alau.kz/dezinficirovat-vodu-v-kostanae-budut-po-novomu/