Рейдтер, қызметтен сөндіру, тұрмыстық техниканы тәркілеу. Қостанайлық коммуналшыларының сөзінше мұндай жұмыс жеткіліксіз болып тұр. Сондықтан, жұмысқа полиция мен сот орындаушылары тартылады. Осымен қатар, коммуналшылар қасақана төлемеушілермен бірлесе күресуде.
Мұның мақсаты – қалай да болса шығындарды өтеу мүмкіндігін табу, – деп хабарлайды alau.kz. Қостанайлықтардың қалалық жылу компаниясына қарыздары өте көп. Бүгінгі күні сома шамамен 516 миллион теңгені құрайды. Бес мыңнан астам жылуды тұтынушының мерзімі өткен қарыздары бар. 755 — 100 мың теңгеден астам қарызы бар абоненттер, ал 66 тұтынушының әрқайсысы жарты миллионнан артық қарыздар. Қарыздарды қайтару үшін жылушылар бақылаушылардан, полицейліктерден және сот орындаушыларынан тұратын арнайы топтар құрды. Олар абоненттердің үйіне кешке барады. «Әрине, пәтерлерге кірудің өзі оңайға соқпайды. Өйткені, абонент қарыздар екенін біле тұра, қарызды өтеуден барынша қашады. Есіктерін ашпай қояды. Сондықтан біз әлеуетті құрылымдардан осы мәселерді шешуде көмектесуді сұрадық. Нәтижелері бар, әрине. Кешегі күнге жеке сот орындаушыларынан біздің шотқа 700 мың теңге шамасында ақша түсті. Әрине, мүліктерін тәркілейміз, кепілге аламыз», – деді «ҚЖЭК» МКК өткізу және сату басқармасы бастығының м.а. Ғабит Бекбаев. Қалалық су каналы абоненттерді үйлеріне бармай-ақ судан ажыратудың шешімін тапты. Көп қабатты үйлерде кәрізден шатырдан ажыратады да, пәтерге кірудің қажеті жоқ. Жеке секторда ауыр техниканы пайдаланып, үйлерді су құбырынан тікелей ажыратады. Қызметтен ажыратудың шынайы қаупі туған жағдайда біраз абоненттер қарыздарды өтеуге ақшаны бірден табады. «Осы 2018 жылдың басынан біз абаттандырылған және жеке секторлар бойынша 229 рейд өткіздік. Рейдтер барысында бақылаушылармен 23 миллион теңге жиналды. Өйткені бақылаушылар рейдтерге кассалық аппараттармен барады. Солай, абоненттер сумен жабдықтау қызметінен ажыратпас үшін төлем жасайды, – дейді «Қостанай-Су» МКК абоненттік бөлімі бастығының орынбасары Надежда Ермашова. Сонымен бірге, «Қостанай-Суда» қасақана төлемеушілердің тізімі жасалған. Мұндай 142 абонент бар және олар кәсіпорынға жалпы алғанда 16 миллионнан астам қарыз. Олар жылу компаниясына да қарыздар. Коммуналшылар күштерін біріктірмек болып шешімге келді. «»ҚЖЭК» бірлескен жұмыс жүргізе бастадық, берілген мекен жайларға бірге барамыз, сот орындаушыларынан іс өндірістерін аламыз. Яғни, осы абоненттерге үш, төрт, бес талап арыз болады да, олар әр түрлі сот орындаушының қолында. Енді біз осы талап арыздарды жинап, бір сот орындаушысына тапсыру үшін «ҚЖЭК» біріге жұмыс істеудеміз. Жақын арада біз осы жұмысты жүргізіп, қозғалмалы және жылжымайтын мүлікті тәркілеу мүмкіндігін қарастыратын боламыз», – дейді «Қостанай-Су» МКК директорының орынбасары Арман Жунусов. Яғни, егер бір сот орындаушысының қолында бір борышкердің атына жазылған қомақты сомаға бірнеше талап арыз болса, оның қымбат мүлкін тәркілеу мүмкіндігі ұлғая түспек, – деп түсіндірді Арман Жунусов. Борышкерлермен жүргізілетін осындай қатал жұмысты түсіндіру оңай. Тұтынушылардың коммуналдық қызметтері үшін қарыздары өсуде. Облыс бойынша абоненттер барлық коммуналдық кәсіпорындарға 667 миллион теңге қарыз. Өсім бір жылда ғана 171 миллион теңгені құрайды.
Ақпарат көздері:http://alau.kz/kostanajskie-kommunalshhiki-rasskazali-kak-budut-borotsja-so-zlostnymi-neplatelshhikami/