Төтенше жағдай әрекет ету кезеңінде 2020 жылғы 16 наурыздан 2020 жылғы 15 сәуірге дейін «Қостанай-Су» МКК COVID-19 жаңа коронавирусынан азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында шот-хабарламаларды таратуды жүзеге асырмайтын болады.
Қажет болған жағдайда Сіздер шот-хабарламаны «Қостанай-Су» МКК сайтынан (kostanay-su.kz) электронды түрде ала аласыздар.
ТЖ аяқталғанға дейін кәсіпорын бақылаушылары тапсырыстарды орындамайтыны және абоненттердің мекенжайларына бармайтыны туралы естеріңізге саламыз.
Түсіністіктеріңіз үшін алғыс білдіріп, жағдайдың жедел жақсаратынына сенеміз.