Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы қағазды сатып алу мәселесіне байланысты кәсіпорынның қала тұтынушылары үшін шот-фактураларды қағазға басып шығаруға мүмкіндігі жоқ екенін, осыған байланысты «Қостанай-Су» МКК қала тұрғындарына шот –фактураларды үлестіруді тоқтататынын назарларыңызға ұсынамыз.
Сондай-ақ, шот-фактуралар туралы хабарламаларды компанияның сайтында (Kostanay-su.kz) және арнаның телеграм-боты (@KostanaySuBot) арқылы алуға болатынын хабарлаймыз. Қағаз жеткізгіштегі шот-хабарламаны алу қажет болған жағдайда, Әл-Фараби даңғылы, 32 және Абай даңғылы, 19 мекенжайы бойынша орналасқан кәсіпорынның коммуналдық қызмет көрсету орталықтарына хабарласуға болады.
Жағдай жақсарған уақытта, шот-фактуралар-хабарламаларды орналастыру қайта жалғасады.