Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) табиғи монополия субъектілерімен бірлесіп, коммуналдық қызметтер саласындағы проблемалық мәселелер бойынша тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын ай сайын айдың бірінші сейсенбісінде сағат 15:00де жүргізеді.
Тұтынушылардың қабылдауы тікелей эфирде онлайн режимінде Департамент басшысы Ташпанов Ақан Амантайұлының Facebook-тегі парақшасы арқылы мына өтеді (қатысу үшін іздеуге Департамент басшысының есімін енгізу қажет).
Карантиндік шектеулерді алып тастаған жағдайда Департамент тұтынушыларды қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес Қостанай облысының елді мекендеріне бару арқылы жүзеге асырады.
Осыған байланысты, Департамент тұтынушыларды және басқада мүдделі тұлғаларды коммуналдық қызметтер мәселелері бойынша қоғамдық қабылдауға қатысуға шақырады.
Әрбір тілек білдірген адам тұтынушы ретінде өз құқықтарын және мәселелерді шешу жолдарына түсіндірме ала алады.
Анықтама үшін телефоны: 8 (7142) 53-52-40
Сенім телефоны: 8 (7142) 54-56-58