Басты бет. Жаңалықтар. Жыл басынан бері Қостанайда люк ұрлағаны үшін екі адам құрықталды. Осы істері үшін олар қоғамдық жұмыстарға тартылады. «Қостанай-Су» МКК полициямен бірлесіп темір қабылдау орындарына тексеріс жүргізеді, мұнда олар кәсіпорынның мүлігі люктерді іздейді. Бір темір қақпақ шамамен 30-40 килограмм басатыны белгілі. Темірді қазір бір килограммына 55 теңгеден қабылдайды, демек, бір люк үшін 2000 теңге алуға болады.
Мамыр мен маусымда полиция ұрлық үшін екі ер кісіні ұстады. Екеуі де мас күйде болған. Олар сондай жағдайда бола тұра қалайша 40 кг темірді алып өткендері әлі де құпия болып отыр. Олар люктерді тапсыра алмады. Биылғы жылы ұрлықтар бес есеге азайды, тексерістер үшін бе, немесе темір қабылдайтындар заңды бұзбау үшін люктерді қабылдамай қойғаны үшін бе, белгісіз.
— 2017 жыл ішінде 614 люк ұрланды, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 191. Темірді қабылдау орнына дейін апарып, оны қабылдамаған соң, сол жерге тастап кететін де жағдайлар болып тұрады. Қазір темірдің балама түрін енгізіп жатырмыз – пластмассалық люктер, бірақ оларды автокөлік жолына сала алмаймыз, тек тротуарлар мен газондарға саламыз, ол жерлерде салмақ аз түседі, — деп бөлісті «Қостанай-Су» МКК апаттық-диспетчерлік қызметі бастығының орынбасары Владимир Югай. Ақпарат көзі :http://top-news.kz/s-nachala-goda-v-kostanae-zaderzhali-dvoih-za-vorovstvo-ljukov/