Еңбек қауіпсіздігі күні шеңберінде, 2021 жылы 19 мамырда оқу полигонында «Желілік су құбыры» учаскесінің жұмыскерлерімен келесі тақырыпта практикалық сабақ өткізілді:
1. Кәріз құдықтарындағы, коллекторлардағы, жердегі траншеялардағы жұмыс кезіндегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау.
2. Қайғылы оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету әдістемесі.
Учаскенің жөндеу бригадасының жұмысшыларына қажетті жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарының қол жетімділігі және олардың іс жүзінде қолданылуы көрсетілді.
Желілік су құбыры учаскесінің апаттық-қалпына келтіру бригадасы жөндеу жұмыстарын орындау кезінде қажетті қорғаныс құралдарын практикалық қолданылуын көрсетті (газқағар, қорғану каскасы, арқаны бар қорғану белбеуі және т.б.). Су құбыры құдығында жұмысшы зиянды газдармен уланған кезде көмек көрсететін практикалық әдістер көрсетілді.
«Құдықтардағы, камералардағы газ құрамын анықтау» кіріспе тақырыбын әзірлеу кезінде құдықта зиянды газдардың болуын анықтау үшін газ анализаторын қолдану әдісі көрсетілді. Қайғылы оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша «Александр-01-02» манекенінде жәбірленушіге клиникалық өлім жағдайында реанимация шараларын ұсыну әдістері көрсетілді. «Өкпені жасанды желдету – жасанды тыныс алу» және «Жүрекке сыртқы массаж жасау» әдістері өткізілді.
Сондай-ақ, манекенде келесі техникалар мен әдістер көрсетілді:
– жарақат алу (қан кету) кезіндегі алғашқы көмек;
– резиналық бұраумен артериялық қан кетуді тоқтату;
– буындардың сынуы мен шығуы кезіндегі алғашқы көмек;
– электр тоғымен зақымдану кезіндегі алғашқы көмек. Осылайша, алғашқы медициналық көмекті жәбірленушінің қасындағы адам уақтылы көрсетуі тиіс. Кәсіпорынның әрбір қызметкері өзінің кәсіби міндеттерін орындаумен қатар көмек көрсете білуі керек. Жаттығу сабағының мақсаты жұмысшыларға қолда бар қорғаныс құралдарын қолдана отырып, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын-алуды және жарақат алғандарға дұрыс, уақтылы алғашқы көмек көрсетуді үйрету.