2021 жылғы 25 мамырда «Еңбекті қорғау күнін» өткізу аясында бас кәріздік сорғы станциясы аумағында «Кәріздік сорғы станциялары кешені» учаскесінің жұмыскерлерімен практикалық сабақ өткізілді:
1.Кәріз құдықтарында, коллекторларда жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау.
2.Жазатайым оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету әдістемесі.
КСС жөндеу бригадасының жұмыскерлеріне қажетті жеке және ұжымдық қорғану құралдарының болуы және оларды практикалық пайдалану көрсетілді.
Желілік су құбырының апаттық-қалпына келтіру бригадасы жөндеу жұмыстарын орындау кезінде қажетті қорғаныс құралдарының (газқағар, қорғаныс каскасы, жіпті қорғаныс белдігі және т.б.) практикалық түрде қолданылуын, пайдаланылуын көрсетті.
Кәріз құдығында, кәріз станциясының тырмалау бөлімшесінде жұмыскердің зиянды газдармен улануы кезінде көмек көрсетудің практикалық тәсілдері көрсетілді.

«Құдықтардағы, камералардағы газдылықты анықтау» атты кіріспе тақырыпты пысықтау барысында кәріз құдығында, сорғы станциясының тырмалау бөлімшесінде денсаулыққа зиянды газдардың болуын анықтау үшін газ талдағышты пайдалану әдістемесі көрсетілді.
«Александр-01-02» манекенінде жазатайым оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша клиникалық өлім кезінде зардап шеккен адамға реанимациялық іс-шаралар көрсету әдістері көрсетілді. «Өкпені жасанды желдету – жасанды тыныс алу» және «Жүректің сыртқы массажын» жасау әдістері көрсетілді.
Сондай-ақ манекенде әдістер мен тәсілдер көрсетілді:
– жарақат (қан кету) кезіндегі алғашқы көмек;
– артериялық қан кетуді бұраумен тоқтату;



– буынның сынуы мен шығуы кезіндегі алғашқы көмек;
– электр тогының соғуы кезіндегі алғашқы көмек
Осылайша, зардап шеккен адамның жанында болған адам алғашқы медициналық көмекті уақтылы көрсете алады және көрсетуі керек. Кәсіпорынның әрбір қызметкері өзінің кәсіби міндеттерін орындаумен қатар, білікті түрде көмек көрсете білуі керек.
Жаттығу сабағының мақсаты-жұмыскерлерді қолда бар қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, өндірісте жазатайым оқиғаларға жол бермеуге және зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі дұрыс, уақтылы көмек көрсетуге үйрету болып табылады.